Г.Ж.Орданың есiмi Қазақстандағы және алыс-жақын шетелдердегi әдеби және ғылыми қауымға кеңiнен таныс. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1992 жылы бітірген. ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан берi қазiргi қазақ әдебиетiнiң өзектi мәселелерiн зерттеуде әдеби-сын мен әдебиеттану ғылымына белсендi араласып келедi. Осы уақыт аралығында 6 монографияның, 500-ден аса ғылыми мақаланың және бiрнеше ұжымдық зерттеудiң бас редакторы және негiзгi авторларының бiрi ретiнде танымал. Мақалалары Қазақстан, Қырғыстан, Әзірбайжан, Пәкістан, Ресей, Беларусь, Чехия, Венгрия, Түркия, Австралия, Индия, Англия елдерінде жарық көрді. Ол «Тәуелсiздiк дәуiр әдебиетiндегi ұлттық пен жалпыадамдық парадигма (қазақ және басқа халықтар әдебиетi негiзiнде)» (2012-2014), «Қазiргi қазақ әдебиетi: даму үрдiстерi, есiмдер мен оқиғалар» (2015-2017), «Ұлттық әдебиет және елiмiздiң зияткерлiк әлеуетi (Тәуелсiздiк дәуiрдегi проза)» (2015-2017), «Қазiргi қазақ драматургиясындағы инновациялық iзденiстер» (1991-2016 жж.) (2018-2020) атты iргелi ғылыми-зерттеу жобаларға жетекшiлiк жасады. Осы еңбектері үшін М.О.Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды (2002), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011), Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен (2016), Беларусия Жазушылар одағының «За великий вклад в литературу» (2016) медалдарымен марапатталды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Абай атынд.ҚазМПИ |
Жоғары |
1992 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
13.12.2011 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
25.06.2010 |
6
құжаттар
2